Құрылғыны жылжыту ережелерін көшіру

Барлығын жаю | Барлығын жию

Құрылғыларды жылжыту ережелерін көшіруге болады, мысалы, әртүрлі мақсатты басқару топтары үшін бірнеше бірдей ереже керек болса.

Құрылғыны жылжыту ережесін көшіру үшін:

  1. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Жылжыту ережелері бөліміне өтіңіз.
    • Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруОрналастыру және тағайындау → Жылжыту ережелері бөліміне өтіңіз.

    Құрылғыларды жылжыту ережелерінің тізімі көрсетіледі.

  2. Көшіре қажет ережеге қарама-қарсы жалауша қойыңыз.
  3. Көшіру түймесін басыңыз.
  4. Ашылған терезеде, қажет болса Жалпы қойыншасындағы деректерді өзгертіңіз немесе параметрлерді өзгертпей, тек ережені көшіре қажет болса, қолданыстағы мәндерді қалдырыңыз:
    • Ереженің атауы
    • Басқару тобы
    • Ережені қолдану
    • Тек басқару тобында орналастырылмаған құрылғыларды жылжыту
    • Ережені қосу
  5. Ереже шарттары қойыншасында автоматты түрде жылжыту қажет құрылғылар үшін өлшемшарттарды көрсетіңіз.
  6. Сақтау түймесін басыңыз.

Жаңа жылжыту ережесі жасалады. Ол жылжыту ережелерінің тізімінде пайда болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу